"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА " АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖҮРГІЗІЛДІ

 2003 жылы Біріккен ұлттар ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданды. Соның негізінде, 2004 жылдан бастап жыл сайын «9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні» ретінде аталып өтіледі.

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңының 22-бабы 1-тармағына сәйкес және сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күніне орай АО «СЭЗ «Морпорт Актау» (бұдан әрі – Қоғам) қызметкерлері арасында келесі заңнамалық актілар бойынша құқықтық оқыту өткізілді:

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бөлігі бойынша);

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бөлігі бойынша).

  Құқықтық оқыту барысында Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Ш.Қ. Тоқтарбай Қоғам қызметкерлерін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын атап өтті. 

Желілерде бөлісу:

  • 64